Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда ховатиялық  «Хайдук» командасына есе жіберді.

Алаң иелері кездесуді жоғарғы қарқынмен бастады. Жылдам гол соғуды тапсырған болу керек Игор Тудор бапкер және сол мақсатты 15-ші минутта орындады «Хайдук» футболшылары. Готаль жойқын соққысымен Мокинді тексеріп көрмек болды, алайда «кеншілердің» қақпашысы өз орнында.  Хорватиялық команда ойын тізгінін өз қолына толыққанды алды, ал қарағандылық «Шахтер» болса қарымта шабуылдар мен стандартты жағдайға иек артып, өз мүмкіндігін күтіп жатты. 36-шы минута «Хайдук» ойыншылары есепті еселеп кетті. Оң қапталдан басталған ұмтылыс соңы Маглица Антуштың «Шахтер» қақпасын дәл нысанаға алумен аяқталды. Екі бірдей голдан кейін алаң иелері қарқынын үдетпесе, төмендеткен жоқ. Шабуыл артынан шабуыл ұйымдастырып, Мокиннің әбден дегбірін қашырды. Алғашқы таймның соңына таман қос команда ойын жылдамдығын біраз бәсеңдетті.

 

 

Екінші таймда сол бірінші кезеңдегі сценарий қайталанды. Алайда бұл жолы алаң иелері шабуылға бар күшімен аттанған жоқ, ал Кумыков шәкірттері әдеттегідей стандартты жағдайға сенім артты, алайда ешбір нәтижесіз. Алаңға тыңнан қосылған Тоқтар Жанғылышбай өз мүмкіндігін мүлт кетірді. Қорғаушылардың өрескел қателігінен кейін, айып алаңына енген Тоқтар соққы бағыттағанымен, оған дәлдік жетіспеді. Кезекті шабуылдың бірінде Покривачтың қақпа аңғарына жасаған жойқын соққысын  Калинич тамаша қайтарып, командасын голдан аман сақтап қала білді. Соңғы минуттарда Маглица Мокинмен жеке шыққанымен, «Шахтер» қақпашысынан айласын асыра алмады. Негізгі уақыт бітіп, қосымша минуттар қосылған кезде қарағандылық футболшылар бірі қалмай шабуылға шығып кеткен еді. Алайда ұмтылыстың ешқайсысы нәтиже бермей, қарымта шабуылда хорватиялықтар есепті 3:0-ге жеткізді. Готаль Сандро қақпашымен жеке дара шығып, Мокинді қапы қалдырып кетті.

Осымен, өткен маусымда Еуропаны дүр сілкіндірген «Шахтер» осы маусымда тек қана үшінші кезеңнен ары аспады. Бүгінгі көрскеткен ойынмен, алысқа барады дегенге сену қиын. Қос кездесу қорытындысы бойынша 5:4 есебімен хорватиялық клуб Еурокубоктың топтық кезеңіне бір табан жақындады. Өткенде Тудор мырза бос сөйлемепті дерсін...

 

Еуропа Лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі. Қарымта кездесу

«Хайдук» (Хорватия)  – «Шахтер» (Қазақстан)  3:0 (2:0) Бірінші кездесу – 4:4

Голдар: Сушич 14, Маглица 37, Готаль 90

«Хайдук»: Калинич, Милич, Милович, Вршаевич, Малоча, Анджелкович, Влашич,, Цакташ, Сушич, Маглица ,Готаль

«Шахтер»: Мокин, Порываев, Джидич ,Малый,  Масло, Киров, Симчевич, Вичюс, Қонысбаев, Покривач, Топчагич

Төреші: Тони Шапрон (Франция)