Қарағандының  «Шахтер» клубы футбол маусымының ең маңызды ойыны алдындағы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды kazakh-tv.kz сайты.

«Шахтердің» Еуропа Лигасында одан әрі  өнер көрсету-көрсетпеуі дәл бүгінгі матчтқа байланысты. «Хайдукпен» кездесу  Хорватияның Сплит қаласындағы 30 мың жанкүйерге арналған стадионда өтеді.

«Айтарлықтай қиындықтарда көріп тұрған жоқпын.   Егер тек аяқ астынан футболшыларымыздың бірі қатардан шығып қалмаса. Өйткені біз үшін әрбір ойыншының орыны ерекше», - деді «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков.

«Шахтердің» капитаны Андрей Финонченконың бүгінгі ойынға шығар-шықпасы әлі белгісіз. Еурокубоктағы жарыс жолын жалғастыру үшін қарағандылықтарға тең ойын тіпті 1-де 0 болып жеңілудің өзі де жеткілікті. Алайда  кеншілердің көздегені - тек жеңіске жету. 

Еске сала кетсек, осы екі команданың үшінші іріктеу кезеңіндегі ойыны Қарағандыда өтіп, алаң иелері 4:2  есебімен басым түскен болатын.