Монреальдегі турнирдің екінші айналымында Юлия Путинцева америкалық Винус Уильямске жол берді.

19 жасар қазақстандық теннисші Винустан екі сетте ұтылды. Кездесудің нәтижесі – 3:6. 2:6. Теннисшілер арасындағы алғашқы кездесу 1 сағат, 29 минутқа созылды.

1/8 финалда Винус неміс Анжелик Кербермен кездеседі. Өз кезегінде, Кербер ресейлік Анастасия Павлюченкованы жарыс жолынан шығарып тастады.