Қазақстанда доп, велосипед және шаңғы жабдықтарын өндіретін кішігірім зауыттар салынады, деп хабарлайды Хабар арнасы.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлімдеді. Доп шығаратын зауыттың құрылысына 130 млн доллар инвестиция құйылды. Бұл ғимарат биыл Алматыда бой көтереді деп жоспарлануда.

Ведомство басшысының айтуынша, елде спорт инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылмақ. Қазақстанның 7 облысында 16 дене шынықтыру сауықтыру кешені ашылады. Ал Астанада жекпе-жек сарайының құрылысы басталды.

Тастанбек Есентаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы:

-Жеке инвестициялар арқасында республика бойынша қолданысқа 7 спорт ғимараты берілді. Сонымен қатар Бахрейн елімен Астанада Олимпиадалық резерв спорттық мектебін салу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.