Михаил Кукушкин америкалық Аптоста өтіп жатқан The Comerica Bank Challenger турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Бірінші айналымдық матчта қазақстандық теннисші жапон Ясутака Учияманы екі сетте жеңді – 6:2, 6:3.

Келесі раундта Кукушкин британиялық теннисші Джеймс Уордпен кездеседі.