Қазақстан футбол федерациясының Вице-президентi Олжас Абраев Еуропа лигасы үшiншi iрiктеу кезеңi аясындағы «Краснодар» (Ресей) мен «Диошдьор» (Венгрия) текетiресiнiң жауапты ойынына УЕФА делегаты болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Кездесу 7 тамызда Краснодар қаласының «Кубань» стадионында өтедi. Айта кетейiк, аталмыш командалар арасындағы бiрiншi ойын 5:1 есебiмен ресейлiк команданың жеңiсiмен аяқталан болатын.