Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» бүгiн Чемпиондар лигасының үшiншi iрiктеу кезеңi аясындағы жауапты матчын өткiзедi, деп мәлімдейді футбол федерациясының ресми сайты.

Бухаресте өтетiн кездесуде жерлестерiмiздiң қарсыласы Румынияның «Стяуа» командасы болмақ. Қай жеңгенi Чемпиондар лигасының плей-кезеңiне жолдама алады. Естерiңiзге сала кетейiк, Ақтөбеде өткен бiрiншi ойын 2:2 есебiмен тең аяқталған болатын.

Румыния астанасындағы ойынды тiкелей эфирден, яғни Астана уақытымен сағат 23:30-да «КazSport» телеарнасы көрсетедi.