Қазақстанда олимпиада чемпионын баптаған жаттықтырушыларға пәтер берiлмейдi, деп мәлімдейді 24.kz арнасы.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мәлiм еттi.

«2015 жылдан бастап Үкiмет бюджет қызметкерлерiнiң еңбекақыларын 40 пайызға жоғарылатады. Менiңше, осымен болды. Жоғары деңгейлi спортшыларды жаттықтыратын бапкерлерге жақсы еңбекақы алуға мүмкiндiк бар. Бiрiншiден, олимпиада жеңiмпазын баптаған жаттықтырушы спортшымен бiрге 250 мың АҚШ долларын алады. Екiншiден, өмiрiнiң соңына дейiн ақшалай төлемақы алып тұрады. Сондықтан жаңа заң бiздiң бапкерлерге жағдай жасайды деп ойлаймын», – дедi Т. Есентаев