Панкратион бойынша жақында әлем чемпионы атағына ие болған Қанат Досмағамбетов енді UFC-дің жұдырықты жігіттерімен жекпе-жекке шықпақ, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

 31 тамызда АҚШ-та әлемдегі ең танымал тұжырым бойынша жекпе-жек өтеді. 61 келі салмақта америкалық Ти Джей Диллашоу мен бразилиялық Ренан Барао кездеседі. Ерік Асенов Қанаттың қай жеңгенімен төбелесуге сақадай сай екендігін айтты. Енді мамандар осы қауымдастықтың басшыларына тиісті шақырту қағазын жібермек.