Жағажай футболынан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталып қалды. Бүгін Қапшағай суқоймасының жағалауында жағажай футболынан Қазақстан Республикасының соңғы төртінші кезеңі басталмақ, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

 Ел чемпионы және Ұлттық кубоктың иегері атанудан екі команда үмітті. Олардың бірі Павлодардың «Арманы» болса, екіншісі елорданың «Ұшқын-Искра» командасы. Айта кетейік, «Арман» бірер күнде ғана Грузиядан оралды. Қап тауының баурайындағы Батуми қаласында жерлестеріміз дәстүрлі «Достық кубогына» қатысып қайтқан. Ол жақта Болат Аленовтың командасы алдымен Сухумидің «Динамосын» 5:3 есебімен тізе бүктірсе, одан кейін Әзірбайжанның ҒІХ командасын 6:1 сесебімен ойсырата жеңді. Бірақ өкінішке қарай, финалда Грузия ұлттық құрамасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгінгі таңда ел чемпионатында «Арман» командасы көш бастап келеді. Оларды біз «Достастық кубогындағы» жетістігімен құттықтаймы! Дегенмен, ел біріншілігінде «Арман» мен «Астананың» арасын екі-ақ ұпай бөліп тұр, - деді бұл жайында ҚФФ-тың футзал және жағажай футболы бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Доскеев. — назарларыңызды мына жайтқа аударғым келеді: Чемпионаттың төртінші кезеңі бес турдан тұрғандықтан турнир кестесіндегі жағдай түбегейлі өзгеріп кетуі де ғажап емес. Сонда да жеңімпаз – «Ұшқын-Искра» мен Арман» арасындағы өзара кездесуден кейін анықталады деп ойлаймын. Жалпы, аталмыш екі команда арасындағы текетірес кеше ғана пайда болған жоқ. Ежелгі қарсыластар. Соған қарамастан тосын сый жасауға қабілетті командалар бар деп ойлаймыз. Неде болса, қола жүлде үшін талас тартысты болайын деп тұр.

- Ұлттық чемпионаттағы жеңістен бөлек, бізді Еуропа чемпиондарының кубогы да қызықтырады. Сондықтан, бар өнерімізді көрсетуіміз керек, - деді елордалық «Ұшқын-Искра» командасының бас бапкері Ерлан Жамантаев. — Биыл біздің команда қазақстандықтардан тұңғыш болып осы халықаралық додада бағын сынады. Әлбетте, басты қарсыласымыз – «Арман». Оңай болмайтынын сеземіз. Бірақ біздің ойыншылар бәріне де дайын.

- Біздің басты мақсатымыз – турнир кестесіндегі көшбасшы орнымызды сақтап қалу. «Арман» жақында ғана Грузияда өткен «Достық кубогына» қатысып, керемет тәжірибе жинады, -деп бастады «Арман» командасының бас бапкері Болат Аленов. – Грузиядағы турнир біз үшін оқу-жаттығу жиыны іспеттес болды. Ұлттық біріншілікке дайындығымызды пысықтай алдық. «Ұшқын-Искрамен» ойын оңай болмайтынын сеземіз. Дегенмен, бұл біздің бірінші текетіресіміз емес. Сондықтан, біз бұл сынақты абыроймен өткереміз деп ойлаймын.

Турнирдің финалдық кезеңі 5-7 тамыз аралығында Қапшағай суқоймасының жағалауында арнайы мамандандырылған «Иорлданиди» стадионында өтеді. Келем деушілерге есік ашық!

Ақпарат футбол федерациясының ресми сайтынан алынды.