Оңтүстік-Сахалинскте өтіп жатқан Азиялық шақырту кубогында Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойынында Оңтүстік Кореяны қапы қалдырды.
Матч 4:2 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді. Қазақстан құрамасының сапында форвард Кирилл Савицкий үздік ойыншы атанды.
Бұған дейән ЖХЛ-ның «Красные Звезды» құрамасы мен Жапония арасындағы кездесуде 8:4 есебімен Жастар хоккей лигасының өкілдері жеңіске жетті. Бұл ойында «Жұлдыздардың» шабуылшысы Виталий Тимошенко бес шайбамен көзге түсті.
Қазақстан – Оңтүстік Корея 4:2 (2:1, 1:0, 1:1)
Комментарии