19 жасар қазақстандық теннисші күтпеген жерден Пеннеттадан айласын асырды.

Монреальдегі турнирде Юлияның алғашқы айналымдағы қарсыласы атақты италиялық Флавия Пеннетта болды. Алайда Путинцева екі сетте-ақ жеңімпаз боп шықты. Бірінші сетте теннисшілер тай-брейкке дейін барды. Екінші партияда Юлия бір брейк жасап, кездесуді 7:6, 6:3 есебімен аяқтады. Матч 1 сағат, 54 минутқа созылды. Ал өзара кездесуде таразы басы теңесті – 1:1.

Келесі матчты отандасымыз не ресейлік Анастасия Павлюченкова, не болмаса америкалық Винус Уильямске қарсы өткізеді.