«Атырау» футбол клубы Ел чемпионатындағы үзілісті пайдаланып онкүндік оқу-жаттығу жиынын Алматы қаласында өткізеді, деп мәлімдейді клубтың баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу жиыны 12-ші мен 22-ші тамыз күндері аралығында Алматы қаласында өтеді. Ал онкүндік жиын барысында 17 тамыз күні қызылордалық «Қайсар» клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Жиынға негізгі құрамнан бөлек қосалқы құрамнан бірнеше ойыншылар шақыртылған.
Ал оқу-жаттығу жиыны аяқталысымен Ел біріншілігі аясында қостанайлық «Тобылмен» кездеседі.
Комментарии