20 жастағы теннисші Зарина Дияс WTA рейтингінде Ярослава Шведованы басып осып, өзінің спорттық мансабында алғаш рет Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды, деп мәлімдейді 24.kz арнасы.

Вашингтонда өткен турнирдің нәтижесінде Зарина Дияс аталған рейтингтегі 53-орнын сақтап қалды. Оның қоржынында 1019 ұпай бар. Ал 1017 ұпайы бар Ярослава Шведова 2 саты төмен түсіп, 54-орынға тұрақтады. Бұл рейтингте Галина Воскобоева - 119, Юлия Путинцева - 164, Сесиль Каратанчева – 173-орында тұр. Айта кетерлігі, рейтингтің үздік ондығында америкалық Серена Уильямс көш бастап келеді. Ал екінші орында қытайлық Ли На болса, үздік үштікке румыниялық Симона Халеп та енген.