4 тамызда Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) әлемнің үздік теннисшілері рейтингін жаңартты.

Өткен аптада Германиядағы турнирде топ жарған Евгений Королев 23 сатыға көтерілді. Қазақстан құрамасы көшбасшыларының орны аталмыш рейтингте өзгерген жоқ.

Алғашқы ондықта испан Давид Феррер мен канадалық Милош Раонич орындарымен алмасты. Аргентиналық Хуан Мартин Дель Потро үздіктер қатарынан түсіп, алға болгариялық Григор Димитров пен британиялық Энди Маррейді жіберіп алды. 

 

ATP рейтингі

1. Новак Джокович (Сербия) (0)

2. Рафаэль Надаль (Испания) (0)

3. Роджер Федерер (Швейцария) (0)

4. Станислас Вавринка (Швейцария) (0)

5. Томаш Бердых (Чехия) (0)

6. Милош Раонич (Канада) (+1)

7. Давид Феррер (Испания) (-1)

8. Григор Димитров (Болгария) (+1)

9. Энди Маррей (Ұлыбритания) (+1)

10. Хуан Мартин Дель Потро (Аргентина) (-2)

55. Михаил Кукушкин (Қазақстан) (-1)

64. Андрей Голубев (Қазақстан) (+1)

107. Александр Недовесов (Қазақстан) (-1)

592. Денис Евсеев (Қазақстан) (-3)

780. Евгений Королев (Қазақстан) (+23)