31 жастағы америкалық боксшы Питер Куиллин Геннадий Головкин жайлы және Мигель Коттоға қарсы кездесуі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды tofight.ru.

«Мен секілді Головкин де әлем чемпионы ретінде не істеуі қажет, соны жасайды. Біздің әрқашан рингке шыққаннымызда үздік екенімізді дәлелдеуіміз қажет. Менің ойымша, Головкиннің жеңісі қазір оның үздік боксшы екенін дәлелдейді. Біз себебі Гилді жақсы білеміз ғой. Маған да осындай мүмкіндік берсе, мен де 1-ші нөмір болатын едім. GGG-мен жұдырықтасуым мүмкін, бұл бокстағы қалыпты жағдай. Алайда болашақ қарсыласымды өзім таңдайтын мүмкіндігім болса, мен Мигель Коттоны таңдар едім. Екеуіміздің кездесуіміз үлкен оқиға болар еді», - деді Куиллин.