Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллини уругвайлық Луис Суарестің дисквалификациясы туралы пікірін айтты. Естеріңізге сала кетсек, Бразилиядағы мундиальда Суарес Кьеллинидің арқасынан тістеп алған болатын.

«Суарестің дисквалификациясы туралы өз ойымды айттым. Мен оның жазасын қысқартқанын қалаймын. Алайда бұл менің қолымда емес. Төрт ай – тым қатаң жаза», - деді Кьеллини.

Естеріңізге сала кетсек, «Барселонаның» апелляциясы 8 тамызда Лозаннадағы Спорттық төрелік сотының отырысында қаралады.