23 жастағы канадалық мәнсабындағы алтыншы титулына қол жеткізді.

Вашингтондағы турнирдің финалдық матчында Милош Раонич отандасы Вашек Поспишиланы 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Матч бір сағат, 9 минутқа созылды. Өзара кездесу бойынша да Раонич алды – 3:0.

Осы жеңісінің арқасында Милош 316 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпай алды.