Америкалық гольфші Тайгер Вудс мәнсабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды Sky Sports.

Әлемдік гольф-рейтингтің көшбасшысы 38 жастағы Вудстің арқасы ауырады. Естеріңізге сала кетсек, бес ай бұрын оған ота жасалды, алайда бұдан кейін де жарақатынан айыға алмай жүр. Сондықтан мәнсабын аяқтауы мүмкін.

Ал Вудстің өзі спорттық ғұмырын аяқтайтыны туралы ресми хабар айтпады.