Италия құрамасының шабуылшысы Марио Балотелли «Миланнан» кетуге жақын.

«Скуадра Адзурраның» әлем чемпионатындағы сүреңсіз ойынынан кейін форвардтың бағасы тым төмендеп кетті. «Россонеридің» президенті Адриано Галлиани футболшы «Миланда» 99% қалады дегенімен, Sport Mediaset италиялық клубтың «Ливерпуль» ұсынысын қабылдағанын хабарлады.  Ливерпульдіктер Балотелли үшін 18 миллион еуро беруге дайын.

Дереккөздің мәлімдеуінше, футболшының агенті Мино Райола «Ливерпульмен» жеке келісім-шартты талқылап жатыр.