Юлия Путинцева WTA аясында Монреальде өтіп жатқан Rogers Cup турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Іріктеу сынының финалында қазақстандық теннисші жапониялық Кимико Дате-Круммен кездесті. Бірінші сетте 4:6 есебімен қарсыласына жол берген соң, Путинцева келесі партияда 6:3 есебімен басым түсті. Үшінші сетте 1:0 есебімен қазақстандық спортшы алда келе жатқан кезде жапон денсаулығына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

 

Юлия Путинцева (Қазақстан) – Кимико Дате-Крумм (Жапония) 4:6, 6:3, 1:0, бас тартты