«Ордабасы» мен «Қайсар» футбол клубтарының бас бапкерлері ойыннан соң ойларымен бөлісті, деп хабарлайды шымкенттік клубтың ресми сайты.

«3:0 есебімен жеңіп жататын мүмкіндік болды, бірақ кейде футболда қарсылас ойын тағдырын үш минутта өзгертіп жіберетін кездер болады. Біз «Қайсарға» қарсы үлкен дайындықпен келдік, сондықтан осындай күрестің болатынын күткенбіз. Алғашқы алтылыққа түсуден басқа әлі де көп нәрсе істеу керек», - деді Ширмаляс.

«Осындай ауа-райында футбол ойнау қиын. Біз допқа иелік ету бойынша қарсыласымызға жол бердік және нәтиже көрініп-ақ тұр», - деді Огай.