Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Әлемдік Гран-придің чехиялық кезеңінде соңғы матчта қожайындарға жол бергенімен, Болгарияда өтетін С дивизионының «Төрттік финалына» жолдама алды.

Іріктеу кезеңінің қорытынды кестесінде қазақстандықтар алты матчта үш жеңіспен төртінші орынды еншіледі. Кения құрамасының да қоржынында үш ұпай бар, бірақ қазақстандық команданың жеңген және жеңілген партиялар айырмашылығы жақсы (Қазақстанда 11:9, кениялықтарда 12:12).

 

Чехия – Қазақстан 3:0 (25:15, 25:20, 25:21)