Семейлік «Спартак» бірінші кезеңнің соңғы матчында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін бір қуантып алды.

Алғашқы таймның 42-ші минутында қостанайлық клуб сапынан Игорь Бугаев көзге түсіп, есепті ашты. Ал екінші таймның 68-ші минутында Сатубалдиннің иелігіне 11 метрлік айыпдобы белгіленіп, Неманья Йованович мүмкіндігін мүлт кетірмеді. Матчтың соңғы минуттарында Арсланның өрескел қателігінен қостанайлық команда тең нәтижеден айырылып, жеңіліс тапты. Айыпдобы орындалған кезде Сатубалдин ойыншымен тартыс барысында допты қолында ұстай алмай, қақпасына жіберіп алды.

Осылайша семейлік «Спартак» алғашқы кезеңді жеңіспен аяқтады. Алайда қос ұжым келесі кезеңде екінші алтылық қатарында өнер көрсетеді.

 

«Спартак» (Семей) – «Тобыл» (Қостанай) 2:1 (1:0)

Голдар: 0:1 – Бугаев (42), 1:1 – Йованович (68, пенальтиден), 2:1 – Генев (87)