Ел біріншілігінің 22-ші турында Талдықорған қаласында жергілікті «Жетісу» командасы мен елордалық «Астана» кездесті.

Қызықты өрбіген кездесуде қос команданың мүмкіндіктері болғанымен, ешқайсысы пайдалана алмады. Осылайша 90 минут бойы қос карсыластың қақпасына гол соғылған жоқ. Елордалық команда бірінші кезеңді 39 ұпаймен үшінші сатыда аяқтаса, талдықорғандық команда екінші кезеңде Премьер-Лигада қалу үшін күреседі.

 

«Жетісу» (Талдықорған) – «Астана» (Астана) 0:0 (0:0)