Астанада ITF аясында өткен әйелдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Аталмыш сайыстың жүлдеқоры 10 000 АҚШ долларын құрады.

Жеке сайыстың финалдық матчында екі украиналық теннисшілер Алена Сотникова мен Анна Шкудун кездесті. Бұл кездесуде Сотникова отандасынан үш сетте айласын асыра алды – 5:7, 6:4, 6:1.