Белорустік жартылай қорғаушы Ренан Брессан португалиялық «Риу Аве» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды «Трибуна».

Дереккөздің мәлімдеуінше, келісім-шарт екі жылға жасалған. Естеріңізге сала кетсек, хавбек бұған дейін «Ақтөбе» мен «Астана» сапында ойнады. Алайда соңғы клубында ол өзін көрсете алмады, кейін бас бапкер оны дубльмен бірге жаттығуға жіберді.