Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Стяуа» мен «Ақтөбе» кездесуіне батысқазақстандық клуб жақсы көңіл-күймен барады деп есептейді.

«Жамбылдық «Тараз» командасын жеңгеннен кейін «Ақтөбе» Румынияға жақсы көңіл-күймен барады. Командаға сенемін, қолдарынан келеді!», — деп жазыпты Михаил ГурманTwitter-дегі парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, алтыншы тамыз күні «Ақтөбе» «Стяуамен» қарымта кездесуді өткізеді.