Жұптық сында төрт халықаралық турнирде жеңіске жеткен ұлттық құрама мүшесі  Галина Воскобоева, жеткіншектерге шеберлік сабағын өткізуде, деп хабарлайды Хабар арнасы.

Теннис қалағын енді ұстаған жасөспірімдер үшін мұндай іс-шараның берері мол. Воскобоева да кезінде Штеффи Граффтың өзінен шеберлік сабағын алғанын еске салды. Сондықтан танымал спортшылардың білгенін ортаға салғаны – жас теннисшілер үшін үлкен сабақ. Галина қазір жарақатына байланысты халықаралық жарыстардан шет қалды. Қазақстандық теннисші жылдың аяғында кортқа шығуды жоспарлап отыр.

«Ең бастысы, 2016-шы Жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алу», – дейді спортшы.