Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин шілде айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Қазспорт арнасы WBA сайтына  сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 27-ші шілде күні Нью-Йорктің «Madison Square Garden» аренасында Дэниэл Гилмен жұдырықтасқан болатын. Головкин жекпе-жек басталғаннан шабуылдар ұйымдастырып, үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл – 32 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой шаршы алаңдағы 30-шы жеңісі. Головкин келесі жекпе-жегін екі-үш айдан кейін өткізеді деп жоспарлануда.

Оған қоса, боксшы келесі көктемде WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдігін қорғау үшін жекпе-жекке шығуға міндетті. Бұл жекпе-жек Мәскеуде өтуі мүмкін.

Оған Флойд Мейвезер, Мигель Котто және Питер Куиллин қарсылас атануы ықтимал.