Бердск қаласында өтіп жатқан Александр Карелин Кубогы додасында «Қар Барыстары» «Красноярские Рыси» командасын жеңді.

Елордалық хоккейшілер қарсыластарының қақпасына жауарсыз 6 шайба тоғытты. Максим Баранов дубль авторы атанса, Евгений Кормаков, Дмитрий Гренц, Павел Поздняков пен Нұрлан Кабиев бір-бір шайбадан соқты.

Осылайша Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері қатарынан бес ойында бес жеңіске жетіп, қарсылас шақ келтірмеуде.

 

«Красноярские Рыси» (Красноярск) – «Қар Барыстары» (Астана) 0:6

0:1 – Кормаков0:2 – Баранов (Каиров)0:3 – Гренц (Баранов, Зубрицкий)0:4 – Поздняков (Кабиев)0:5 – Баранов (Зубрицкий)0:6 – Кабиев (Поздняков)