Чехияда волейболдан әйелдер командасы арасында әлемдік гран-придің екінші туры ойындары өтуде, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Турдағы өзінің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасының волейболшы қыздары Мексиканы айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3:0 (25:18, 25:16, 25:19). Енді қазақстандық волейболшылар алжирлік қарсыластарымен сынға түседі.