Бокстан PABA белбеуінің иегері, WBA ұлтаралық чемпионы Дмитрий Чудинов Головкин жөнінде сұхбат берді, деп мәлімдейді championat.com.

«Мен тек дайын емеспін, бұл кездесудің болғанын өте қатты қалаймын. Жас баладай нағыз боксышымен жұдырықтасқым келеді. Егерде өзімді осындай жекпе-жекпен сынап көрмесем, мен неге бокспен айналысып жүрмін.

Көп адамдар Геннадийге қарсы тұрар қарсылас жоқ дейді, бірақ мен бармын ғой - WBA тұрақты чемпионы Дмитрий Чудинов. Головкиннің соңғы жекпе-жегін қарадым. Шынымыды айтсам, Дэниел Гил көңілімнен шықпады. Суперчемпион мен тұрақты чемпион арасындағы кездесу қызық болады деген ойдамын.

Егерде бұл кездесу орын алса, мен мақтаныш тұтатын едім. Өйткені Геннадий Головкин қазіргі таңда әлем жұлдызы. Мен оны жас кезінде, әлем біріншілігінде Матвей Коробовты жеңген кезде байқағанмын. Сол уақыттан бері Головкиннің спорттық мансабын үздіксіз қадағалап отырамын. Ол өте жойқын соққының иесі.  Алайда одан сескенбей, қарсы айбат шеккендгі түрін көргім келеді. Соңғы кездесулеріндегі қарсыластары одан өте қатты қорықты», - деді ресейлік былғары қолғап шебері.