Мексика мен солтүстік ирландия жастар құрамасыны ойыншылары бір-бірін алаңда өлтіріп қоя жаздады. Жолдастық кездесуде 4 қызыл қағаз көрсетуге мәжбүр болды, деп мәлімдейді eurosport.ru.

Қақтығыс екінші тайм басталысымен орын алды. Мексикалық ойыншы Солтүстік Ирландия құрамасының футболшысын шалып жыққанымен қоймай, аяғымен бір-екі мәрте тепкен көрінеді. Бұл жағдайды көрен ирландиялық футболшылар командаласын қорғамақ болады. Осылайша алаң ортасында үлкен төбелес орын алады.

Бұд жарысқа 14 пен 16 және 19 жас аралығындағы балғын футболшылар қатысады. «Бенфика», ЦСКА, «МЮ», «Ливерпуль» клубтарының жасөспірімдерінен бөлек, Канада, Мексика, Солтүстік Ирландия жастар құрамалары өнер көрсетуде.