Тайпейде өткен жасөспірімдер арасындағы волейбол жарысында жергілікті халықтың және қытайлықтардың өзгеше ықыласына бөленіп, кейіннен әлемге танымал болған 17 жастағы волейболшы Сабина Алтынбекова Алматыда тілшілермен кездесті, деп мәлімдейді Азаттық радиосы.

Ол әлемге танылуының себебін Тайпейге жарысқа баруынан деп біледі және Қытайдағы жанкүйерлеріне алғыс айтады. Шілде айында аяқ астынан танымал болған Сабина жайлы АҚШ, Ресей, Қытай, Қазақстан, т.б. елдердің ақпарат құралдары жазды. Әуелі Қытай мен Тайпей тұрғындары танымал еткен спортшы қызды қазір қазақстандықтар да біле бастады. 

Видео Азаттық радиосының ресми сайтынан алынды.