Чили құрамасының жартылай қорғаушысы «қызыл сойқандардың» сапына ауысуға келісімін берді, деп хабарлайды The Metro.

Артуро Видаль жақында ғана «Ювентуста» бақытты екенін айтып, «Манчестер Юнайтедке» көшпейтініне сендірген болатын. Алайда британиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Видаль бүгінде медициналық тексерістен өтіп жатыр. Белгілі болғандай, чилилік 7-ші нөмірмен ойнап, аптасына 200 мың фунт алады.