Әлемнің ең үздік регбиші қыздары Францияда сынға түседі, деп хабарлайды Хабар арнасы.

Ертең Парижде әлем кубогы жолындағы жарыс басталады. Ііріктеу сындарынан іркілмей өткен 12 команда арасында Қазақстан құрамасы да бар. Ж

асыратыны жоқ біздерге жүлденің ауылы алыстау. Егер қыздарымыз үздік ондықтың қатарынан көрініп жатса, үлкен олжа санаймыз.

Кеше Париждегі Де Виль қонақ үйінде 12 құраманың капитандары журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақстан құрамасының капитаны Анна Яковлева да көптеген сауалдарға жауап берді. Қатарынан алтыншы рет әлемдік жарысқа жолдама алып отырған қыздарымыз алғашқы кездесуін ертең әлем кубогының иегері Жаңа Зеландиямен өткізеді.

Сосын біздің бұрымды регбишілер АҚШ және Ирландия құрамасымен шеберлік байқасады. Әлем кубогы 17-ші тамызда аяқталады.