Американың Стенфорд қаласында өтіп жатқан теннис турнирінде неміс қызы Сабина Лисицки допты ойынға қосу кезінде әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды kazakh-tv.kz cайты.

 Оның соққысынан доптың ұшу жылдамдығы сағатына 210 шақырымды құрады. Бұған дейін рекорд Америкалық теннисші Винус Уильямсқа тиесілі болатын. Лисицки рекорд иесі атанғанымен Сербиялық Анна Ивановичтен айласын асыра алмады. Неміс қызы 6:7, 1:6 есебімен ұтылып қалды.