Швециялық АИК-тің бас бапкері Андреас Альм Еуропа лигасындағы «Астанаға» қарсы кездесудің нәтижесіне көңілі толатынын айтып, елордалық клубқа Швецияда қиын ойын күтіп тұрғанын ескертті.

«Бұл – біздің команда үшін жақсы нәтиже. Алаң иелері «Астана» көп шабуыл жасады, бірақ бұның бәрін алдын ала біліп отырдық. Біздің жолымыз болды деп есептемеймін, бұл – футбол, кейде осылай болады. Иә, сырт алаңда ойнап жатқан соң біз үшін қорғаныста жақсы өнер көрсету негізгі міндетіміз болды. Астанаға жету қиынға соқты, оның үстіне, жасанды көгал біраз машақатын тудырды, сондықтан біз әдемі футбол көрсете алмадық. Біз өз алаңымызда тамаша ойнаймыз, «Астанаға» біз ұшыраған барлық қиындықтан өтуге туралы келеді», - деді Альм.