«Хайдуктың» бас бапкері Игор Тудор матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берер сәтте көңілсіз болды.
– Ең алдымен, «Шахтер» футбол клубының басшылығына жылылығы мен қонақжайлығы үшін алғыс айтамын, Қарағандыда матчқа дайындалу үшін барлық жағдай жасалды.
– Қарсылас команда туралы не айта аласыз?
– Матчқа дейін бізді қиын ойын күтіп тұрғанын айтқан болатынмын, қазақстандық командада жауынгерлік рух, тамаша физикалық дайындық бар. Бүгін бізге өте қиын болды.
– Хорватияда өтетін қарымта матчқа қандай болжамыңыз бар?
– Біз қалайда екі-үш гол айырмашылығымен жеңіске жетіп, келесі айналымға өтеміз. Ол жақта тіпті басқаша ойын болады, біз қолайлы нәтижеге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.
Комментарии