«Шахтердің» бас бапкері Еуропа лигасындағы хорватиялық «Хайдукке» қарсы матчтан кейін ойын соңындағы баспасөз мәслихатында кездесу туралы ойымен бөлісті.

«Бүгін өте қызықты және шиеленісті матч болды. Мықты қарсыласқа қарсы қиын жеңіске жеттік. Есептің 4:1 болуы мүмкін еді, алайда әзірбайжандық бас төреші біздің қақпамызға әділетсіз пенальти белгіледі. Ол ойынның барлық әсерін құртты. Біз қарымта шабуылдарда өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алдық, жеңіске жеткенімізге қуаныштымын, бірақ бір аптадан соң екінші кездесу болады. Тағы да қайталайын, қазыларға көңілім толмады, жалпы есеп әділетті болды.