Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Румынияның «Стяуа» командасын қабылдаған «Ақтөбе» 2:2 есебімен тең түскен болатын.

 

Константин Гылкэ- «Стяуа» командасының бас бапкері:

-Бұл кездесу бізге оңайға соқпады. Алаңның жағдайы мәз емес. Бұл бірінші кезекте «Ақтөбе» футболшыларына басымдық берді. Мен бұл матчты жеңеміз деп жоспарладым. Енді қарымта кездесуге дайындалу керек.

 «Ақтөбе» бапкері де ойындағы басымдықты жеңіспен үштастыра алмағанына қапалы.    

Владимир Газзаев- «Ақтөбе» командасының бас бапкері:

-Әрине біз бүгінгі нәтижеге көңіліміз толмайды. Бірақ біздің футболшылардың тактикалық ойыны жақсы жүрді. «Ақтөбе» қарсыласқа қарағанда сапалы футбол көрсете алды деп ойлаймын. Румынияда оңай болмайды. Бірақ бұл футбол. Мүмкін емес нәрсе жоқ.  

«Стяуа» мен «Ақтөбе» арасындағы қарымта матч 6-шы тамызда Астана уақытымен түнгі сағат 23:30 да Румынияда өтеді.