«Ақтөбе» мен «Тараз» арасындағы кездесудің күні өзгерді, деп хабарлайды ақтөбелік клубтың ресми сайты.

Батысқазақстандықтардың Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқанына байланысты аталмыш матчты 2 тамызға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ойын Қабыланды батыр атындағы орталық стадионда Астана уақытымен 20:00-де болады.

Бұдан бір күн бұрын, командалардың қосалқы құрамы теке-тіреседі. Бұл матчтың ойналатын орны – ОДЮШОР № 8, кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.