Сайыс 31 шілде мен 4 тамыздың арасында Алматыда өтеді, деп хабарлайды inform.kz.

Бір қызығы, бұл сайысқа 18 жасқа дейінгі спортшылар ғана қатыса алады. Іс-шара Алматы облысындағы Үшқоңыр ауылында орналасқан «Қазанат» ипподромында өтеді. Қатысушылар өзара көкпар, аударыспақ және теңге алу сайыстары бойынша бақ сынайды.