Қазақстандық футболдың ардагері және «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Вахид Масудов Еуропа лигасындағы «Астана» мен «Шахтердің» алдағы ойындары туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ» тілшісі.

Әрине, біздің командаларымызға атақты қарсыластар түсті, - деп бастады Вахид Юнусұлы. – Бірақ білесіз бе, өтуге болады. «Шахтерге» жақыс команда түсті. Бірақ біздің клубтарға ең маңыздысы – өз алаңында ұтып, гол жібермеу. Сол кезде тамаша мүмкіндігіміз болады. Командалар жақсы футбол көрсетсін деп тілеймін. Ал, жанкүйерлер, өз командаларыңыңа жақтасыңдар!

 – Жалпы командаларымыздың мүмкіндігі бар ма?

 – Бар. Мүмкіндігіміз жаман емес. Бұл елдерде чемпионат енді басталып жатыр. Осыны пайдаланып алу қажет.