Испания чемпионы Хавьер Эрнандеске көз тігіп отыр.

Марио Манджукичті қатарына қосқаннан кейін «Атлетиконың» басшылығы хорваттың серігі болар екінші форвард туралы ойластыруда. Диего Симеоне мадридтіктер сапында Чичаритоны көргісі келетінін жасырмады.

Естеріңізге сала кетсек, Диего Коста, Давид Вилья және Андриан Лопес команданы шабуылшысыз қалдырып, клубтан кетіп қалған болатын.