Америкалық сенатор Джон Маккейн ФИФА-ға Ресейде өтетін ӘЧ-2018-ге байкот жасауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sports.ru.

«ФИФА осы шешімін қайта қарауы тиіс. Бірақ бірден айтайын, ЧМ-2018-ге АҚШ тарапынан біржақты бойкот жасау жақсылыққа алып келмейді.

КСРО Ауғанстанға әскерін алып келгенде АҚШ Олимпиада-1980-ге бойкот жасағаны әлі есімде. Бұл әйгілі болмаған шешім болатын.

Бірақ халықаралық қауымдастық біздің бастамамызды қолдаса, қуанышты болар едім», - деді сенатор.