KAZSport спорт телеарнасы Астанадағы кездесуден тікелей трансляция ұйымдастырады, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының сайты.

Ойын бүгін «Астана Аренада» 20:00-де болады. Қарымта кездесу 7 тамызда өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, елордалық команда биылғы Еуропа лигасында армениялық «Пюник» пен израильдік «Хапоэльді» тізе бүктіріп, сәтті өнер көрсетуде.