Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло келесі мундиальда да қақпада Игорь Акинфеевтің тұратынын айтты.

«Акинфеев ӘЧ-2018-де ойнайды. Мен Акинфеевке сенемін. Оны ұлы қақпашы деп санаймын.

ӘЧ-де біз ең егде командалардың бірі болдық. Менің нені меңзеп тұрғанымды түсіну үшін кейбір аттарды айтайын – Рязенцев, Григорьев, Миранчук, Беляев, мен тізімді жалғастыра аламын.

Құрама сапына ойнамайтын футболшыларды шақыра алмаймын. Өз клубында ойнаймайтын адамды мен қалай құрамаға шақырамын? Маған сол кезде клубтың жанкүйерлері «Иә-ә-ә, бапкер ештеңе де түсінбейді!» деп айтар еді.

Мен аптасына үш-төрт матчты өз көзіммен көремін, кейін ТВ бойынша. Менің ойыншыны көруім қажет қой! Олардың қалай ойнайтынын сезінуім керек. Егер олар ойнамаса, мен қалай шақырамын?», - деді Капелло.