Серб Новак Джокович АТР рейтингінде жалғыз өзі көшбасшы болады.

28 жастағы Рафаэль Надаль жаттығулар кезінде оң білегінін жарақаттап алуына байланысты Монтреаль мен Цинциннати мастерстерін жіберіп алуға мәжбүр екенін хабарлады. Осылайша, былтыр осы турнирлерде топ жарған Надаль 2000 ұпайдан айырылып, бірінші орында келе жатқан Новак Джоковичті алысқа ұзатып алады.

Испаниялық теннисші АҚШ ашық чемпионатына дейін айығуға тырысады. Былтыр бұл додада да жеңімпаз болған ол бұған да қатыспаса тағы 2000 ұпайдан айырылып қалады.